Құрылтай - жастар бастамаларын қолдау алаңы
Құрылтай – жастардың үні естілетін, тың идеялары қолдау тауып, жүзеге асуына мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналады. Мұнда қатысушылар қоғам үшін өзекті мәселелерді талқылап, өз бастамаларын ұсынып, Қазақстанның болашағына бағытталған жобаларды іске асыруға атсалыса алады.
Жас буын өкілдері өз әлеуетін ашып, көшбасшылық қасиеттерін дамытып, еріктілер қозғалысын нығайтуға мүмкіндік алады. Құрылтай ел өміріне белсенді араласатын, оң өзгерістер жасауға дайын азаматтарды қалыптастырудың берік негізіне айналады.
СНХР: ДАМИР ӘБДИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ