Негізгі Жаңалықтар Айыртау ауданындағы саябақ күрделі жөндеуден өтті

Айыртау ауданындағы саябақ күрделі жөндеуден өтті

Айыртау ауданының орталығы – Саумалкөл ауылындағы «Мәңгілік Ел» саябағы биыл күрделі жөндеуден өтіп, тұрғындардың игілігіне жаңартылған келбетте ұсынылды. Бір жарым айға созылған жөндеу жұмыстары барысында саябақ аумағы толық абаттандырылып, демалушылардың жайлы тынығуына қолайлы жағдай жасалды.

Жаңғырту жұмыстары аясында саябақтың аумағы кеңейтіліп, келбеті заманауи талаптарға сай жаңартылды. Демалушылардың жайлылығы үшін жаңа орындықтар орнатылып, балаларға арналған ойын алаңы салынды. Сонымен қатар, кешкі уақытта саябақтың қауіпсіздігі мен көркін арттыру мақсатында 70-ке жуық жарықтандыру шамы орнатылды.

СНХ: ДАНИЯР БЕСТАЕВ, ВОЛОДАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ  

Бұдан басқа да атқарылған жұмыстар жетерлік. Күннің аптап ыстығында да, қоңыр салқын кеште де мұнда адамдардың қарасы бір сәтке де үзілмейді. Бірі отбасымен серуендесе, енді бірі балаларын ойын алаңына ертіп келеді. Жастар мен үлкендер таза ауада тынығып, әсем безендірілген саябақтың көркін тамашалап, кештің жайлы атмосферасын сезінеді.

СНХ: ЗЛАТА ЗАБОЛОТСКИХ, САУМАЛКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Бұл атқарылып жатқан жұмыстар мұнымен шектелмей, алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Сонымен қатар, Саумалкөл ауылындағы Тәуелсіздік алаңы да заман талаптарына сай күрделі жөндеуден өткізілетін болады. Айта кетейік, Володар ауылдық округінде барлығы 13 400-ге жуық адам тұрады. 

Бөлісу