Негізгі Жаңалықтар СҚО-да күздік дақылдардың 64 пайызы жиналды

СҚО-да күздік дақылдардың 64 пайызы жиналды

Солтүстік Қазақстан облысы еліміздің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі әрі ең ірі астық өндіруші аймақ болып саналады. Биыл өңірде егін жиналатын жалпы алқап көлемі 4,3 миллион гектарды құрайды. Оның ішінде 2,9 миллион гектары дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарға тиесілі.   

Өңірде майлы дақылдардың егіс алқабы да ұлғаюда. Биыл олардың көлемі шамамен 1,3 миллион гектарға жетіп, Қазақстандағы ең жоғары көрсеткішке айналды. Облыста күздік дақылдарды жинау жалғасуда. Былтырмен салыстырғанда олардың егіс көлемі төрт есеге ұлғайып, 11,4 мың гектарға жетті. Қазіргі таңда 7,2 мың гектар немесе жалпы алқаптың 64 пайызы жиналды. Сонымен қатар шаруашылықтар жасымық, асбұршақ, бидай, арпа және сұлы сияқты жаздық дақылдарды жинауға кірісті. Техниканың дайындық деңгейі – 100 пайыз. 


Бөлісу