Негізгі Жаңалықтар Қазақстандағы медиация институтына - 15 жыл

Қазақстандағы медиация институтына - 15 жыл

Қазақстанда медиация институтына 15 жыл толды. Осы уақыт ішінде дауларды баламалы түрде шешу әдісі тараптар арасындағы диалогты сақтап, сот жүктемесін азайтудың тиімді құралына айналды. СҚО-да медиацияның дамуы Петропавл қаласындағы Достық үйінде өткен дөңгелек үстелде талқыланды. Іс-шараны «Қоғамдық келісім» ұйымы ұйымдастырды.

Биыл «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғанға 15 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде медиация жанжалдарды сотқа жеткізбей реттеудің тиімді жолы ретінде өзін дәлелдеді. Бұл формат тараптарға өзара мүдделі шешімді тезірек табуға көмектесіп, сот жүйесіне түсетін салмақты жеңілдетеді.

СНХР: ГҮЛБАХША МҰСАБАЕВА, СҚО МЕДИАЦИЯ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Солтүстік Қазақстан облысында татуластыру процедуралары соттарда белсенді қолданылады. Жылдың бірінші жартысында 3 мыңнан астам медиативтік іс қаралды. Олардың тең жартысына жуығы дауларды баламалы түрде шешу тәсілімен аяқталса, 1 300-ден астам іс бойынша тараптар өзара бітімге келген.

СНХР: ҰЛАН ӘБДІРАХМАНОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ 

 Мамандардың айтуынша, медиация институтын одан әрі дамыту үшін соттардың, кәсіби және қоғамдық медиаторлардың, Медиация кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің бірлескен жұмысы ауадай қажет. Мұндай тығыз ынтымақтастық елдегі диалог мәдениеті мен қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал етеді.


Бөлісу