Негізгі Жаңалықтар Әділет органдарының қызметі саласындағы заңнаманың негізгі өзгерістері

Әділет органдарының қызметі саласындағы заңнаманың негізгі өзгерістері

Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Әділет департаментінде заңнамаға енгізілген негізгі өзгерістер таныстырылды. Жаңашылдықтар азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға және құқықтық жүйені цифрландыруға бағытталған. Өзгерістер атқарушылық іс жүргізу, нотариат, адвокаттық қызмет пен зияткерлік меншік салаларын қамтиды. Енді атқарушылық іс жүргізу қатысушылары барлық ақпаратты электронды кабинет арқылы қадағалай алады. Сонымен қатар атқарушылық құжаттар жеке сот орындаушылары арасында автоматты түрде бөлінеді. Бұл жүйенің ашықтығын арттырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.   

2026 жылғы 25 тамыздан бастап алименттерді аударудың жаңа тәртібі күшіне енеді. Енді алимент өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау кезінде қаражат тек арнайы банктік шотқа аударылатын болады. Бұл ең алдымен балалар мен еңбекке қабілетсіз азаматтардың мүддесін қорғауға бағытталған. Сонымен қатар маңызды жаңашылдықтардың бірі – оңайлатылған атқарушылық іс жүргізуді қолдану аясын кеңейту болды. Бұл өзгерістер «Робот-сот орындаушы» инновациялық жобасы арқылы жүзеге асырылуда.

Снхр: ЕСТАЙ РАШҚАЛИЕВ — СҚО ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ  

Бөлісу