«Sultan» компаниясы мен «Sultan» брендіне – 30 жыл
Сапа мен сенімнің символына айналған «Сұлтан» бренді өз тұтынушыларына ерекше мереке сыйлады! «Sultan» компаниясы мен «Sultan» брендінің – 30 жылдық мерейтойына арналған «Сұлтан Фест» фестивалі қала тұрғындары мен қонақтарының басын қосып, шын мәніндегі зор думанға ұласты. Отыз жылдық белесті бағындырған отандық брендтің құрылған күні ерекше ауқымда және өте жоғары деңгейде атап өтілді.
«SULTAN» компаниясы мен «SULTAN» бренді компаниясы 1996 жылы құрылған. Бүгінде «Сұлтан» өнімдері еліміздің барлық өңірінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие. Қазіргі таңда кәсіпорын макарон өнімдерінің 30-дан астам түрін шығарады.
СНХ: ДИНА БАЙБУСИНОВА, "СҰЛТАН-ЭЛЕВАТОР-ДИІРМЕН-МАКАРОН КЕШЕНІ" АҚ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ
Жергілікті кәсіпорынды 30 жылдық мерейтойымен қала әкімі атынан Мәрлен Сәндібеков құттықтап, кәсіпорынға толағай табыс тіледі.
СНХ: МӘРЛЕН СӘНДІБЕКОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Мерейлі мерекеге зиялы қауым өкілдері де арнайы келіп, кәсіпорын ұжымын ортақ қуанышымен шын жүректен құттықтады.
СНХ: ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
30 жыл бойы халқымыздың ақ дастарханынан үзілмеген сүйікті бренд мерейтойын осындай шуақты думан мен асқақ әнге бөлеп, кең пейілмен атап өтті. Ата-ана мен бала, ақсақалдар мен жастар келген фестиваль алаңы шынайы шаттық пен қуаныштың мекеніне айналды.
Бұл думанда еліміздің эстрада жұлдыздары да төбе көрсетті. Атап айтқанда, қазақ эстрадасының жұлдызы Айқын Төлепберген арнайы қатысып, әсем әндерін тарту етті және көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлады. Әуелеген әсем әндер мен мың бұрала биленген билер думанның көркін қыздырды. Ал, барлық сайыстар мен байқаулар аса жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жұртшылықты ерекше шаттыкқа бөледі.