Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетіледі
Облыс орталығында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер Отбасын қолдау орталығына жүгіне алады. Мұнда психологиялық, әлеуметтік және заңгерлік көмек көрсетіліп, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайларды шешуге жәрдем беріледі. Орталық директоры Мұрат Қуандықовтың айтуынша, қолдауды қажет ететін азаматтар туралы ақпаратты полиция қызметкерлері FSM-Social бағдарламасы арқылы жолдайды. Осыдан кейін мамандар әрбір нақты жағдайда қандай көмек қажет екенін анықтайды. Кеңес алуға жұмыс күндері немесе 35-00-15 колл-орталығының телефоны арқылы жүгінуге болады.
СНХР: МҰРАТ ҚУАНДЫҚОВ , ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ