Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі
Облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тәртіп сақшыларының күн сайынғы міндеті.
Петропавл тұрғындарының қауіпсіздігін күн сайын ондаған полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері қамтамасыз етеді. Олар көшелерде патрульдік қызмет атқарып, жол қозғалысын бақылайды, құқық бұзушылықтардың жолын кесіп, азаматтарға көмек көрсетеді. Бұқаралық іс-шаралар кезінде бұл жұмыс күшейтілген тәртіпте жүргізіледі. Өткен демалыс күндері де полицейлер үшін қарбаласқа толы болды.
Қосымша полиция жасақтары «Қарасай» стадионында өткен футбол матчы кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» акциясы аясында көрермен мінберінде тазалықты сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Дәстүр бойынша адам көп жиналатын орындарда полицейлер отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған жадынамалар таратты. Пестрое көлінің жағажайында да демалушылар көп болды. Сондай-ақ қаланың басты алаңында өткен концертке жүздеген тұрғын жиналды. Олардың қауіпсіздігін полицияның түрлі бөліністерінен жұмылдырылған 50-ден астам қызметкер қамтамасыз етті.
СНХ: СЕРІК ӘЛЖАНОВ – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов қала тұрғындарының қауіпсіздігі күн сайын қамтамасыз етілетінін атап өтті. Қоғамдық тәртіпті сақтауға барлық бөліністердің қызметкерлері, оның ішінде жедел қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері де жұмылдырылған. Олардың негізгі міндеті – құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, азаматтарға көмек көрсету, сондай-ақ «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру.