Таза қала – таза жүрек
Петропавл қаласында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «Таза қала – таза жүрек» экологиялық акциясы өтті. Игі іс-шара барысында еріктілер жалғыз тұратын қарттардың аула аумақтарын ретке келтіріп, Пестрое көлінің жағалауын қоқыстан тазартты. Сонымен қатар қарияларға азық-түлік себеттері табысталды.
Экологиялық акция бұл жолы қарапайым сенбіліктен әлдеқайда ауқымды өтті. Қатысушылардың бір бөлігі қоғамдық орындарды тазаласа, енді бірі жалғыз тұратын қариялардың үй маңын ретке келтіріп, азық-түлік жеткізді.
СНХР: ДАМИР ӘБДИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Камила Закирова үшін бұл ерікті ретіндегі алғашқы акция. Ол волонтерлік қозғалысқа жуырда ғана қосылған. Айтуынша, алғашында аздап қобалжығанымен, өзгелерге көмектесуге және қоршаған ортаны қорғауға үлес қосуға деген ықыласы бәрінен басым болған.
СНХР: КАМИЛА ЗАКИРОВА, ЕРІКТІ
Мұндай акциялар Петропавлда игі дәстүрге айналды. Биылғы жылдың басынан бері облыс орталығында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 170-тен астам экологиялық іс-шара ұйымдастырылды.