Негізгі Жаңалықтар СҚО-да Алексей Мартыновичті еске алуға арналған веложарыс басталды

СҚО-да Алексей Мартыновичті еске алуға арналған веложарыс басталды

Солтүстік Қазақстан облысында КСРО спорт шебері Алексей Мартыновичті еске алуға арналған дәстүрлі көпкүндік веложарыс басталды. Биылғы додаға Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарынан және Астана қаласынан келген 65 жас спортшы қатысуда. Бірнеше күнге созылатын жарыс жас велошабандоздардың шеберлігін шыңдап қана қоймай, даңқты спортшының есімін ұлықтауға бағытталған.

 Көпкүндік жарыс 5-9 тамыз аралығында өтеді. Бағдарламаға төрт кезең енгізілген. Оның үшеуі Соколов тас жолы мен Новокаменка – Архангелька бағытында өтетін топтық жарыс болса, тағы бір кезең Петропавл қаласы әуежайы ауданында ұйымдастырылатын жеке уақытқа жарыс болмақ. Ал жарыстың қорытындысы ретінде 9 тамыз күні Алексей Мартыновичтің туған жері – Байтерек ауылында дәстүрлі критериум ұйымдастырылады.

СНХР: АЛЛА ВИННИКОВА — ВЕЛОЖАРЫСТЫҢ БАС ХАТШЫСЫ

Дәстүрлі жарыс Солтүстік Қазақстанның даңқты велошабандозы Алексей Мартыновичтің құрметіне арналады. Ол – КСРО спорт шебері, КСРО жасөспірімдер құрамасының мүшесі, Қазақ КСР чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы әрі халықаралық жарыстардың қатысушысы. Дарынды спортшы 1994 жылы жаттығу кезінде қайғылы жағдайда өмірден өтті. Бүгінде оның есімі жыл сайын ұйымдастырылатын веложарыс арқылы жас ұрпаққа насихатталып келеді.

СНХР: МАРҒҰЛАН МҮСЛІМ — ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ, АСТАНА ҚАЛАСЫ


Бөлісу