Құрылтый сайлауы - ел дамуындағы маңызды кезең
1 шілдеде Қазақстанда мемлекеттік құрылымның жаңа моделін бекіткен жаңа Конституция күшіне енді. Басты өзгерістердің бірі - жаңа бір палаталы жоғары өкілді орган - Құрылтайдың құрылуы.
ЗКТ: Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы 23 тамызда өтеді. Оның құрамына 145 депутат кіреді. Қазіргі уақытта үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр. Этносаралық бірлестіктер мен құрылымдық бөлімшелердің өкілдері азаматтарды алдағы сайлауға белсенді қатысуға шақыруда.