Қандас мәртебесін алу тәртібі өзгерді
Қазақстанда 2026 жылдан бастап қандас мәртебесін беру және тұрақты тұруға рұқсат алу рәсіміне бірқатар өзгеріс енгізілді. Енді үміткерлер бірнеше кезеңнен тұратын жаңа іріктеу жүйесінен өтеді. Алғашқы кезеңде олар қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтайтын тест тапсырады. Одан кейін арнайы анкета толтырып, белгіленген ұпай санын жинауы қажет. Барлық талаптан өткен азаматтарға ғана қандас мәртебесін рәсімдеуге мүмкіндік беріледі.
Жаңа тәртіпке сәйкес, бірінші кезеңнен өте алмаған үміткерлерге тестті қайта тапсыру үшін қосымша екі мүмкіндік қарастырылған. Ал барлық кезеңнен сәтті өткен азаматтарға қандас мәртебесі бес жыл мерзімге беріледі.
СНХР: НАЗЕРКЕ ТАСҚҰЛОВА, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ