Негізгі Жаңалықтар Құрылтай сайлауы -жаңа саяси кезеңнің бастауы

Құрылтай сайлауы -жаңа саяси кезеңнің бастауы

2026 жылғы қаңтардағы Ұлттық құрылтай отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламентті бірпалаталы қылып, оны Құрылтай деп атағанды жөн көрді. Парламент реформасын 2026 жылғы конституциялық референдумда халық қолдап дауыс берді. Шілде айында Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді. Құрылтайдың бірінші шақырылым депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалды. 

Құрылтай - халықтың еркін білдіретін, заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган. Оның құрылуы өкілді биліктің рөлін күшейтуге, заң шығару үдерісін жетілдіруге және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

ЕРБАҚЫТ АМАНТАЙ, «ҚЫЗЫЛЖАР-АҚПАРАТ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ 

Бөлісу