Бейбітшілік жолы
Грузиялық танымал велосаяхатшы Нодар Беридзе кезекті сапарында Петропавлға да ат басын бұрды. Ол облыс орталығында Еуразия елдерін біріктіретін жаңа халықаралық жобасын таныстырды. Спортшы БҰҰ-ның Халықаралық бейбітшілік күні 21 қыркүйекте «Хоргас - Батуми» бағыты бойынша ауқымды веломарафонға аттанбақ.
Грузиялық веломарафоншы Нодар Беридзе Солтүстік Қазақстанға аялдады. Батумилік саяхатшы спорт пен туризмді ұштастырып, мәдени байланысты нығайтатын жаңа халықаралық жобасын таныстырды. Ауқымды веломарафон БҰҰ-ның Халықаралық бейбітшілік күні 21 қыркүйекте бастау алғалы тұр.
СНХ: НОДАР БЕРИДЗЕ, ВЕЛОМАРАФОНШЫ, ГРУЗИЯ
Марафонға Қазақстан, Орталық Азия елдері, Қытай, Әзербайжан және Грузия өкілдері қатысады. Әр қалада жергілікті тұрғындармен кездесулер, спорттық-мәдени іс-шаралар және іскерлік диалог алаңдары ұйымдастырылады. Басты меже халықтар достығын нығайтып, қатысушы елдердің әлеуетін таныту.
СНХ: ОМАРИ ХАРБЕДИЯ, «АРГО» ГРУЗИН ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ
Нодар Беридзе Петропавлға екінші рет келіп отыр. Ол алғаш рет бұл қалада 2017 жылы «Владивосток – Лиссабон» бағытында саяхаттап жүргенде болған еді. Ол кезде спортшы бүкіл Еуразия құрлығын басып өткен болатын. Он бір жыл ішінде веломарафоншы 28 елдің жолымен 70 мың шақырымнан астам қашықтықты бағындырды. Алайда, жаңа жоспарларына қарағанда, бұл тек басы ғана.