Негізгі Жаңалықтар Өңірдегі қоғамдық қауіпсіздік

Өңірдегі қоғамдық қауіпсіздік

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы учаскелік полиция инспекторларының, ювеналды полиция қызметкерлерінің және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді. Жыл басынан бері учаскелік инспекторлар 665 қылмысты ашып, 33 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті. Сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан азаматтарды қорғауға ерекше көңіл бөлінуде.

Жылдың алғашқы жартысында ювеналды полиция қызметкерлері төрт жедел-профилактикалық іс-шара өткізіп, мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерінің қатысуымен 50-ден астам кездесу ұйымдастырды. Осы кезеңде үш мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

СНХР: ҚҰРМАН МУСИН – СҚО ПД ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының негізгі бөлігі учаскелік полиция инспекторларына жүктелген. Олардың жедел әрі жүйелі жұмысының нәтижесінде жыл басынан бері 665 қылмыс ашылып, 33 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. 

СНХР: ҚҰРМАН МУСИН –СҚО ПД ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жүйелі профилактикалық жұмыстар, тұрғындармен тығыз байланыс және әрбір құқық бұзушылыққа дер кезінде ден қою өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қоғамда «Заң және тәртіп» қағидатын нығайтуға ықпал етеді.

Бөлісу