Ауыл тұрғындарын табиғи өрттен қорғау мемлекеттің басты басымдықтарының бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірде өрт қауіпсіздігін арттыруға бағытталған «Ауыл құтқарушылары» жобасы белсенді жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында СҚО-да заман талабына сай жабдықталған 12 өрт сөндіру бекеті жұмыс істеп тұр. Бүгінде төтенше жағдай кезінде алғашқы болып көмекке келуге дайын 78 өртсөндіруші арнайы дайындықтан өтті. Кезекті өрт сөндіру бекеті Айыртау ауданының Қамысақты ауылында есігін айқара ашты. Жаңа нысан Қамысақты ауылдық округі әкімі аппаратының базасында орналасқан, мұнда екі маман қызмет атқарады.

Снх: ЕРБОЛ МҰХАНБЕТАЛИН, ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫ