СҚО-да Құрылтай депутаттарын сайлау науқанына дайындық қыза түсті. Сайлау процесін ұйымдастыру іс-шаралары облыстық мәслихатта өткен семинарда талқыланды. Саяси науқан кезінде өңірде 558 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оның 15-і аумақтық, ал 543-і учаскелік комиссия. Жалпы бұл шараға 3 196 комиссия мүшесі жұмылдырылады.
Облыста барлығы 543 сайлау учаскесі бар, оның 92-сі Петропавл қаласында орналасқан. Бұдан бөлек, әскери бөлімдерде, емдеу мекемелерінде және азаматтар уақытша болатын орындарда 13 жабық сайлау учаскесі жұмыс істейді. Дауыс беру күніне 20 күн қалғанда, яғни 2 тамызда әкімдіктер учаскелік сайлау комиссияларына сайлаушылар тізімін тапсырады. Осыдан кейін тұрғындар өз деректерін тексеріп, қажет болған жағдайда өзгерістер енгізу үшін өтініш бере алады.
СНХР: САҒЫНДЫҚ РАХЫМЖАН, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ