Құрылтай депутаттарының алдағы сайлауы қоғамдық диалогты дамытудың маңызды кезеңіне айналмақ. Бұл ретте жастардың белсенділігіне ерекше мән беріледі. Себебі бүгінгі жас буын қоғамдық процестерге ықпал етіп, жаңа бастамалар көтеріп келеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жастар еріктілер қозғалысына, спорттық және патриоттық жобаларға белсене қатысады. Мамандардың айтуынша, жастардың қоғамдық өмірге араласуы өз идеяларын жүзеге асыруға, сондай-ақ өңір мен ел деңгейіндегі шешімдерді қабылдауға үлес қосуға зор мүмкіндік.

СНХР: ТИМУР ӘЛЖАНОВ, «СҚО ЖАСТАР МАСЛИХАТЫ» ЖҚБ ТӨРАҒАСЫ

СҚО көшбасшылар қатарында. Біздің жастар еріктілер қозғалысы, спорт және патриоттық бағыттарда өзін жақсы жағынан көрсетіп келеді. Мұнда жастардың белсенділігі өте жоғары. Жастардың бастамалары ескерілуі үшін гранттар мен даму бағыттары бойынша көптеген мүмкіндіктер жасалуда. Мемлекет басшысы атап өткендей, бүгінде өзара іс-қимылды «жастар үшін» емес, «жастармен бірге» қағидаты бойынша құру қажет. Жастарымыз белсенділік танытып, мемлекетке қатысты мәселелерге және шешімдер қабылдау процесіне көбірек араласса дегім келеді».