2026 жылғы 1 шілдеден бастап заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес абаттандыру талаптарын сақтау бойынша бақылау күшейтілді. Әрбір меншік иесі өз үйі немесе нысанының қоршауынан 5 метрге дейінгі аумақтың тазалығына жауапты.Қағидаларды бұзғаны үшін ескерту және әкімшілік айыппұл қарастырылған Күн сайын рейдтік іс-шаралар өткізіліп, анықталған заң бұзушылықтар бойынша шаралар қабылдануда. 

Жыл басынан бері Тайынша аудандық полиция бөлімімен бірлесіп 577 хаттама рәсімделді: 518 ескерту беріліп, 36 айыппұл салынды . Рейдтердің мақсаты – айыппұл салу емес, қаланың тазалығы мен тәртібін қамтамасыз ету. Алайда заң бұзушылықтар жойылмаған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес жауапкершілік қарастырылған. Айталық, алғашқы бұзушылық үшін – ескерту немесе 20 АЕК, қайталанса – 30 АЕК мөлшерінде айппұл салынады. Бүгін Тайынша ауданы әкімінің міндетін атқарушы А.Б. Рахимжановтың жетекшілігімен прокуратура, полиция, ТКШ, кәсіпкерлік, ішкі саясат бөлімдері және қала әкімдігі өкілдерінің қатысуымен жеке тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 1 әкімшілік айыппұл салынып, 4 ескерту берілді.