Петропавлда көрнекті татар ақыны Ғабдолла Тоқай ескерткіші салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, Татарстан Республикасының Раисы Рустам Минниханов, Татарстаннан келген ресми делегация өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Ескерткіш Ғабдолла Тоқайдың туғанына 140 жыл толуына орай және Сабантой мерекесі аясында орнатылды. Бұл Қазақстан мен Татарстан арасындағы мәдени байланыстардың, достық пен көпжылдық ынтымақтастықтың нығаю сипатына айналды.
СНХ: ДАНИС ШАКИРОВ БҮКІЛӘЛЕМДІК ТАТАР КОНГРЕСІ ҰЛТТЫҚ КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
Ашылу салтанатына Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Татарстан Республикасының Раисы Рустам Минниханов қатысты. Олар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ақын рухына құрмет көрсетті.
Мүсіннің қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың муралына қарама-қарсы орнатылуы да тегін емес. Өйткені Ғабдолла Тоқайдың шығармашылығы Мағжанға зор ықпал еткен еді.
ШАМИЛЬ ШАКИРОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ
Айта кетейік, Қазаңда ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбайұлына да ескерткіш орнатылған болатын. Бұл екі бауырлас халықтың көпжылдық достығы мен өзара құрметін айқын аңғартады.
Дариға Қуаныш, Лаура Дуварова, Анатолий Белоног, жаңалықтар қызметі