Елімізде тұңғыш рет өтетін Құрылтай сайлауының үгіт жұмыстары қыза түсті. Саяси додаға қатысып жатқан 7 партияның кандидаттары еліміздің әр өңіріне барып, сайлаушыларымен кездесіп жүр. Тұрғындарға тұғырнамасын таныстырып қана қоймай ел-жұртты мазалған мәселелін тыңдап, ұсыныс-пікірлеріне де назар аударуда.