Армандағы мамандықты қалай таңдауға болады? Сүйікті хоббиді табыс көзіне айналдырудың жолы қандай? Осы сұрақтарға жауап беру мақсатында Петропавлда NEET санатындағы жастарға арналған арнайы тренинг өтті. Оған еріктілер мен жас белсенділер де қатысты.

 Іс-шараны Солтүстік Қазақстан облыстық және Петропавл қалалық Жастар ресурстық орталықтары бірлесіп ұйымдастырды. Тренинг барысында қатысушылар өздерінің қабілеттерін анықтау, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды таңдау және жұмысқа орналасудың тиімді жолдары туралы ақпарат алды. Сондай-ақ психолог жастармен мотивацияны арттыру мен эмоционалдық тұрақтылықты дамытуға бағытталған тәжірибелік сабақ өткізді. Мамандар сүйікті іспен айналысу адамның кәсіби жетістікке жетуіне мүмкіндік беретінін айтты.

СНХ: НҰРАЙЫМ ЖАСҰЛАН, ТРЕНИНГКЕ ҚАТЫСУШЫ 

Тренинг интерактивті форматта өтті. Қатысушылар спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мансап құру, тағылымдамадан өту және мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы кеңінен ақпарат алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жастардың кәсіби бағдарын айқындап, еңбек нарығына бейімделуіне ықпал етеді.

СНХ: АЙНҰР САРСЕНБАЕВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ

 Тренингке 50-ге жуық жас қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасып, жастардың кәсіби бағдарын айқындауға және жұмыспен қамтылуына қолдау көрсетпек.