Петропавл қаласында халықаралық QYZYLJAR SABANTUI – 2026 мерекесі кең көлемде аталып өтті. Мерекелік іс-шараға Татарстан Раисы Рустам Минниханов пен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық өнермен танысып, дәстүрлі ойындарға қатысып, мерекелік атмосфераны бірге сезінді.

Мереке аясында қолөнер көрмесі қанат жайды. Қызылжар Арт орталығында Татарстаннан арнайы келген шеберлер мен қазақстандық қолөнершілер өз туындыларын ұсынды. Келушілер ұлттық нақыштағы зергерлік бұйымдарды, кестелі киімдерді, қыштан және теріден жасалған бұйымдарды тамашалап, оларды сатып алуға мүмкіндік алды. Шеберлер қонақтарға қолөнердің қыр-сырын да көрсетті.

СНХР: РАДИК САЛАХОВ – БАЛУАН, ТАТАРСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

 Сабантой – тек ойын-сауық емес, еңбек пен достықты дәріптейтін мереке. Солтүстік Қазақстан облысы үшін бұл мерекесінің маңызы айрықша. Өңіріміз көп жылдан бері бейбітшілік пен қоғамдық келісімнің, өзара құрмет пен этносаралық татулықтың үлгісі болып келеді. Түрлі этнос өкілдері өздерінің мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтай отырып, ортақ мақсат жолында бірлікпен еңбек етіп келеді.