Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 752 мыңға жуық азамат тұрады. Бұл халықтың 3,7 пайызы. Ал СҚО-да мүгедектігі бар 23 мыңнан астам адам бар. Ерекше жанға жағдай жасау мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басты басымдықтарының бірі. Соңғы жылдары бұл бағытта жүйелі өзгерістер жүзеге асырылып жатыр.

 Егер бұған дейін басты назар әлеуметтік төлемдер мен жекелеген қызметтерді ұсынуға аударылса, бүгінде инклюзивті қоғам құру қағидатына көшті. Бұл саясат адам мүмкіндігін шектеуге емес, қоғамдағы кедергілерді жоюға бағытталған. Осы орайда Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасы жүзеге асырылуда.

Снх: ГҮЛБАҚЫТ МАНАБАЕВА ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ СҚО БОЙЫНША 

Инклюзивті қоғамның маңызды көрсеткіші кедергісіз орта. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар нысандарды бейімдеу жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізіп келеді. Сонымен қатар, интернетте «Мүгедектігі бар тұлғаларды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталы жұмыс істейді.

Снх: ГҮЛБАҚЫТ МАНАБАЕВА ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ СҚО БОЙЫНША  Бұдан бөлек, медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесін цифрлық трансформациялау жүргізілуде. Бұл шаралар мүгедектікті белгілеудің ашықтығын арттыруға, мемлекеттік бақылауды жетілдіруге және адам факторының әсерін барынша азайтуға бағытталған.