Петропавлда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «Балық аулайтын торлар теңізі» атты экологиялық кинокөрсетілім өтті. Іс-шараны СҚО «жастар ресурстық орталығы» еріктілер фронт-офисімен бірлесіп ұйымдастырды. Оған 50-ге жуық студент пен волонтерлер жиналып, Каспий теңізінің экологиялық ахуалымен және табиғатты қорғау мәселелерімен танысты. Толығырақ келесі сюжетте.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты - жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатқа деген жауапкершілікті ояту. Деректі фильмде Каспий теңізінің ластану ауқымы мен экожүйеге төнген қатерлер айқын көрініс тауып, өскелең ұрпаққа қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы жеткізілді.

СНХР: ГҮЛБАҚЫТ БАЙБОСЫНОВА, ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ 

Халықаралық зерттеулер мен БҰҰ сарапшыларының деректеріне сүйенсек, экожүйеге тұрмыстық қалдықтар мен өнеркәсіптік ағындардан елеулі зиян келіп отыр. Осы тұста, көрсетілім барысында қоқысты сұрыптау, оны қайта өңдеу және жергілікті эко-бастамаларға қатысу тақырыптары да кеңінен қамтылды. 

СНХР: ӘЛІШЕР САЯН, ҚБТУ СТУДЕНТІ

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында жастар ресурстық орталығы өңіріміздің еріктілерімен және жастарымен бірлесіп, жарты жыл ішінде 700-ге жуық сенбіліктер мен түрлі форматтағы эко-шаралар ұйымдастырды.