Петропавлда Сабантой мерекесіне орай Татарстан Республикасы өнерпаздарының концерті өтті. Іс-шараға жиналған көрерменнің көптігінен зал лық толы болды. Осыны ескерген ұйымдастырушылар келесі жылы бір емес, бірнеше концерт өткізуді жоспарлап отыр . Тақырыпты әріптесім жалғастырады.

 Салтанатты кеш Татарстан колөнершілерінің көрмесімен басталды. Ол Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының фойесінде ұйымдастырылды. Шеберлер өз қолдарынан шыққан бұйымдарды жергілікті тұрғындардың назарына ұсынды. 

СНХ: НАТАЛЬЯ ГИМАДИЕВА ҚОЛӨНЕРШІ, ТАТАРСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

Татар эстрадасының жұлдыздары мен өнер шеберлері жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мерекелік концерт қазақ пен татар халықтары арасындағы шынайы достықты айшықтай түсті. 

Снх: ТАГИР ИСМАГИЛОВ, КОНЦЕРТ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ РЕЖИССЕРІ, ТАТАРСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Кештің басты ерекшелігі татар белсенділерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі болды. Марапаттарды Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов пен Татарстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Василь Шайхразиев табыстады.

Люфт:

Кеш қонақтары татар халқының бай мәдени мұрасымен, ән өнерімен және ұлттық дәстүрлерімен таныстырған жарқын концерттік бағдарламаға куә болды.