Петропавлда шілде айында полицейлер заңсыз айналымнан 800 литрден астам заңсыз алкоголь өнімін тәркіледі. Әкімшілік аумақты аралау барысында Бостандық көшесінде Петропавл қаласының полицейлері акциздік таңбасы, таңбалауы және заңды айналымын растайтын құжаттары жоқ, құрамында спирті бар сұйықтық құйылған 100 дана бес литрлік пластик ыдысты анықтады. Тәркіленген өнімнің жалпы көлемі 500 литрді құрады. Барлық өнім нақты құрамын анықтау үшін сараптамаға жолданды.Зерттеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Бұл – жалғыз дерек емес. Тек 2026 жылдың шілде айының өзінде полицейлер заңсыз айналымнан 800 литрден астам алкоголь өнімін және акциздік таңбасы жоқ темекі өнімдерінің ірі партияларын тәркіледі. Заңсыз алкоголь мен темекі өнімдерінің айналымына қарсы күрес – полиция қызметінің басым бағыттарының бірі. Контрафактілік өнімдердің таралуына тосқауыл қою азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және «Заң және Тәртіп» қағидатын нығайтуға ықпал етеді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
СНХР: СЕРІК ӘЛЖАНОВ – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ