Солтүстік Қазақстан облысында ауыл жастарына сапалы білім мен заман талабына сай мамандық алуға жол ашқан білім ордаларының жұмысы қарқын алған. Солардың бірі - Айыртау ауданы Лобанов ауылындағы «Зейнеп» жоғары көпсалалы колледжі. Мұнда тек жергілікті жастар ғана емес, еліміздің өзге өңірлерінен келген студенттер де оқиды. Қазіргі таңда бұл білім ордасында талапкерлерден құжат қабылдау науқаны жүріп жатыр.
Биылғы оқу жылына колледжге мемлекеттік тапсырыс арқылы 200-ден астам грант бөлініп отыр. Талапкерлер сұранысқа ие бағдарламалық қамтамасыз ету, туризм және гид қызметі, тамақтандыру саласын ұйымдастыру, сондай-ақ төтенше жағдайлардан қорғау сияқты мамандықтар бойынша тегін білім алып, кәсіби маман атануға мүмкіндік алады. Жалпы, оқу ордасында еліміздің 16 облысынан келген жастар оқиды. Ал, осы жылы құжат тапсырып жатқан батыс өңірдің жастарының қарасы басым.
СНХ: АСЫЛБЕК ЖӘНІМХАНҰЛЫ, (ЖАНИМХАН ОРЫСША) ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІНІҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ
Қазіргі таңда колледжде жаңа оқу жылына қызу дайындық жұмыстары жүрір жатыр. Студенттерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жатақханалар күрделі жөндеуден өтуде. Биыл оқу ордасында төтенше жағдайлардан қорғау бағытына ерекше басымдық берілді. Енді бұл мамандықты таңдаған жастар арнайы №1 жатақханаға орналасып, сол жерде тереңдетілген әскери және қатаң тәртіппен өмір сүріп, білім алатын болады. Еске сала кеткен жөн, еліміз бойынша бұл бағытта мамандарды оқытатын санаулы оқу орындарының қатарына «Зейнеп» жоғары көпсалалы колледжі де кіреді.
СНХ: ДИНАРА ТӘКЕНОВА, «ЗЕЙНЕП» ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ»" ЖШС ЖЕТЕКШІСІ
Енді, қазіргі күннің өзінде колледжде 130-ға жуық талапкерден құжат қабылданды. Оқу орны тек мемлекеттік грант арқылы ғана оқытады. Яғни, мұнда ақылы негізде оқыту қарастырылмаған. Айта кетейік, өткен жылы оқу орнын 100-ден астам түлек сәтті бітіріп, олардың 88 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылды.