Мейрамхана, лимузин, фотограф, дизайнерлік көйлек пен қымбат костюм, танымал асаба… Бүгінде көпшілік үшін той дәл осындай көрініспен елестейді. Бір күндік қуаныш үшін миллиондаған теңге жұмсалып, айлап дайындық жүргізіледі. Тіпті кейбір жас жұбайлар армандаған тойын өткізу үшін несие алуға мәжбүр. Бір күндік қуаныш үшін мұнша шығын шығару қаншалықты орынды? Әріптесім дайындаған бейнематериалдан көрейік. 

 «Ұят болады», «жұрттан кем болмау керек», «той өмірде бір-ақ рет болады»… Осындай түсініктер бүгінде көп отбасының қалтасына салмақ салып отыр. Сарапшылардың айтуынша, кей жағдайда тойдың ауқымын отбасының мүмкіндігі емес, қоғамның пікірі айқындайды.

Шум: той

 Ал аға буын бұл үрдіске басқаша қарайды. Олар үшін тойдың мәні қымбат безендіруде де, сәнді мейрамханада да болмаған. Ауылдың ортасына киіз үй тігіліп, көрші-қолаң жұмылып, қазан көтеріп, әркім қолдан келгенше көмектесетін. Ең үлкен байлық – ағайынның ақ батасы мен ақжарма тілегі дейді олар. . 

Қазір тойдың ең үлкен шығындарының бірі – банкет. Бір қонаққа арналған мәзірдің орташа құны 15 мың теңгеге жеткен. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 16 пайызға жоғары дейді мамандар. Олар мұны азық-түлік бағасының, коммуналдық төлемдердің, логистика мен қызмет көрсету шығындарының өсуімен байланыстырады.

СНХ: ЗӘУРЕ РАДЖАБОВА, БАС АСПАЗ