Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енген күні «Достық» балалар білім беру- сауықтыру орталығында оқушыларға арналған арнайы патриоттық -танымдық бағдарламалар ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта орталықта өңіріміздің түкпір-түкпірінен келген 10 мен 16 жас аралығындағы екі жүзден астам бала жайлы демалуда.
«Достық» балалар білім беру -сауықтыру орталығында екінші ауысым осыдан төрт күн бұрын басталды. Бұл жолы орталыққа 210 бала қабылданды. Ауысым «Тәні саудың – жаны сау» деген атаумен өтіп жатыр. Жаз бойы балалар үшін спорттық жарыстар, шығармашылық кездесулер мен түрлі командалық ойындар ұйымдастырылады. Мұнда Солтүстік Қазақстан облысының түкпір-түкпірінен келген 10 мен 16 жас аралығындағы балалар демалуда. Әмір Дүйсембай үшін бұл білім беру- сауықтыру орталығындағы алғашқы демалысы. Ол мұнда аз уақыттың ішінде жаңа ортаға бейімделіп, қатарластарымен достасып үлгерген.
СНХ: ӘМІР ДҮЙСЕМБАЙ
Бүгінгі күн білім беру- сауықтыру орталығында демалушылар үшін тек спорттық емес, танымдық мазмұнға да толы болды. Балалар Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне арналған іс-шараларға қатысты. Бағдарлама аясында салтанатты сап түзеу рәсімі, флешмоб, спорттық эстафеталар және шығармашылық байқаулар ұйымдастырылды.
СНХ: ЕЛЕНА БЛЕДНЫХ, «Достық» балалар білім беру- сауықтыру орталығының директоры
«Достықтағы» жазғы демалыс маусымы жалғасуда. Алда балаларды қызықты шығармашылық жобалар мен түрлі мәдени-танымдық іс-шаралар күтуде. Көпшілік үшін бұл орталық жаңа білім алып, ұмытылмас әсерге бөленіп, жаңа достар табатын ерекше орынға айналып отыр.