1 шілде – Қазақстан тарихындағы маңызды күндердің бірі. Бүгін республикалық референдум нәтижесінде қабылданған жаңа Конституция ресми түрде күшіне енді. Осыған орай облыстық Достық үйінде «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: жаңа құндылықтар және болашақ алдындағы жауапкершілік» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Жиында жаңа Ата Заңның қоғам өміріндегі маңызы мен елдің одан әрі дамуына қосар үлесі кеңінен талқыланды.
Жаңа Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат қана емес, әрбір азаматтың құқықтары мен міндеттерін нақтылайтын өмірлік қағидалар жиынтығы. Сондықтан оның күшіне енуі әр қазақстандыққа үлкен жауапкершілік жүктейді. Ата Заң қоғамдағы тұрақтылықты, заң үстемдігін және азаматтардың теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған.
СНХ: КЕМЕЛ ОСПАНОВ, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ ЖЕТЕКШІСІ
Жиын барысында жаңа Конституциядағы маңызды өзгерістердің бірі – Құрылтайды партиялық тізімдер арқылы қалыптастыру мәселесі де сөз болды. Мамандардың айтуынша, бұл саяси партиялардың рөлін күшейтіп, елдегі демократиялық үдерістердің дамуына оң ықпал етеді.
СНХ: ЕВГЕНИЙ КИНЦЕЛЬ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Айта кетейік, жаңа Конституция 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданды. Бұл – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы үшінші Конституция. Бұған дейін елдің негізгі заңдары 1993 жылғы 28 қаңтарда және 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған болатын. Жаңа Ата Заң елдегі саяси реформаларды жалғастыруға және құқықтық мемлекетті одан әрі нығайтуға бағытталған.