Жаңа Конституция елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы маңызды қадамдардың бірі саналады. Құжат мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіріп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған. Сонымен қатар, билік тармақтары арасындағы өзара жауапкершілік пен тепе-теңдіктің жаңа тетіктері енгізілді.

Жаңа Ата Заңға сәйкес, Президент жеті жылдық бір мерзімге ғана сайланады. Вице-президент институты құрылып, Құрылтайдың мемлекеттік шешімдер қабылдаудағы рөлі артады. Конституцияда жер мен табиғи ресурстардың халыққа тиесілі екені нақты көрсетілген. Сондай-ақ, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілеттігі кеңейтілді. Осыған орай Облыстық С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада «Ата заң – алтын тұғырым» атты көрме қанат жайды.

СНХР: ИНЕШ БАҚТЫБАЕВА – ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАНЫҢ КІТАПХАНАШЫСЫ