Қазір технология қарқынды дамып келе жатқан заманда әлеуметтік желі кеңістігінде қылмыскерлердің әрекет ету тәсілдері де артып келеді. Бүгінде интернет-алаяқтық қоғам дертіне айналып отыр. Киберқылмыскерлердің тұзағына ересектер ғана емес мектеп оқушылары да түсіп жатады.
Петропавл қаласында интернет-алаяқтықтан қорғану және қаржылық қауіпсіздік мәселелеріне арналған ақпараттық іс-шаралар барлық халық топтары үшін тұрақты түрде өткізіліп келеді. Оқушыларды қорғау мақсатында Бірінші гимназияда экономика, қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік бойынша арнайы сабақтар жүргізіледі. Мұнда оқушыларға интернеттегі қауіпсіздік, жиі кездесетін алаяқтық схемалар және сақтану шаралары түсіндіріледі. Ерекше назар күмәнді сайттарды анықтау, олардың алдын алу және бұғаттауға аударылады. Сонымен қатар мектеп бағдарламасына киберқауіпсіздікке қатысты жеке тақырыптар енгізілген.
СНХР: ЕВГЕНИЙ НАГОЧЕВСКИЙ – «БІРІНШІ ГИМНАЗИЯ» КММ МҰҒАЛІМІ