Жазғы демалыстың қауіпсіз әрі қызықты өтуі – басты назарда. «Аққайың» жазғы сауықтыру лагерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы профилактикалық шара өтті. Демалыс орнына Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлері арнайы барып, жеткіншектерге өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді. 

Мамандар суға шомылу, өрт қауіпсіздігі және құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыптарында ашық әңгіме өрбітті. Кездесу барысында құтқарушылар жазғы уақыттағы ең өзекті мәселе – судағы қауіпсіздікке ерекше тоқталды. Балаларға арнайы жабдықталмаған белгісіз су айдындарына шомылудың соңы қайғылы жағдайға әкеп соғатыны ескертілді. Сонымен қатар, терезеден құлау – мәселесіне де ерекше назар аударылды.

СНХ: ДИНА ЖАПАРОВА, СҚО ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ

Мұнымен қоса, балалар өрт сөндіру және полиция көліктерінің ішіне отырып, ондағы құрылғыларды өз қолдарымен ұстап көрді. Осылайша, олар бұл техникалармен жақынырақ танысып, өздерін нағыз маман ретінде сезінді.

Кездесудің ең қызықты әрі ұмытылмас сәті іс-шара соңында орын алды. Мамандар өрт сөндіру көлігімен арнайы су шашып, аптап ыстықта демалушы балаларға ерекше көңіл-күй мен ұмытылмас қуаныш сыйлады.