Петропавл қаласының орталық алаңында «Мамандықта өзіңді сынап көр» атты кәсіптік бағдар беру интерактиві өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылып, жаңа Конституцияның құндылықтарын насихаттауға бағытталды. Қатысушылар интерактивті тапсырмалар мен түрлі жағдаяттар арқылы мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерімен танысты.
Интерактивке қатысушылар мемлекеттік қызмет саласындағы жұмыс ерекшеліктерімен танысты. Олар өздерін мемлекеттік қызметкердің орнында сезініп, тәжірибелік тапсырмаларды орындады. Акцияның мақсаты – мемлекеттік қызметтің қоғамдағы маңызын және оның негізгі қағидаттарын көпшілікке түсіндіру.
БИБІГҮЛ СҰЛТАНОВА, ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫ БӨЛІМІНІҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУШЫСЫ
Іс-шара аясында «Қала бюджетін бөл» атты алаң ұйымдастырылды. Мұнда қатысушылар шартты түрде басқарушы рөлін атқарып, бюджетті әлеуметтік маңызы бар жобалар арасында бөлді. Сондай-ақ өз шешімдерін негіздеп, оның тұрғындардың әл-ауқатына, қауіпсіздігіне және қалалық инфрақұрылымның дамуына қалай әсер ететінін түсіндірді.
СНХР: АЙША БАЛҒАБАЙ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Мұндай интерактивті формат қатысушыларға мемлекеттік қызметтің мәнін тереңірек түсінуге және оның қоғам өміріндегі рөлін бағамдауға мүмкіндік берді.