Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты Лебяжі ауылдық округінде 600-ден астам адам тұрады. Мұнда 11 ұлттың өкілі татулық пен келісімде, бір үйдің баласындай өмір сүріп жатыр.

Көпмәдениетті қоғамдағы ұлтаралық келісім ортақ мерекелердің арқасында нығая түсуде. Жергілікті демалыс орталығында әрдайым ән шырқалып, ауыл тұрғындары үшін маңызды іс-шараларға дайындық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Мәселен, «Сударушка» тобының құрылғанына 2 жыл болды.

ГАЛИНА КРИСТИНИНА «СУДАРУШКА» ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ