Интернет-алаяқтық бүгінгі қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі болып қала беруде. Күн сайын алаяқтар азаматтардың жеке деректері мен қаржысын иемдену үшін телефон қоңырауларын, хабарламаларды және жалған сайттарды пайдаланады. Мұндай қылмыстарды ашу көбіне қиынға соғады. Себебі қаскөйлер қашықтан әрекет етіп, іздерін мұқият жасырады. Сондықтан бүгінде алдын алу шараларына және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсатта мемлекеттік органдар мен Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.  

СНХР: ЖАСЛАН ЖИМАЛЕЕВ – СҚО БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ