Петропавлда «Ботай. Ғайып ғалам» атты шытырман оқиғалы фильмнің түсірілімі жалғасуда. Түсірілім тобы көрермендерді көне дәуірдің атмосферасына жетелеп, өңірдегі ең маңызды археологиялық нысандардың бірі саналатын бірегей Ботай қонысының тарихын қайта жаңғыртуда. Картина өткеннің құпиялары, ежелгі адамдардың мұрасы және тарих пен көркем қиял астасқан оқиғалар туралы баяндайды.
Солтүстік Қазақстан өңірінде түсіріліп жатқан ауқымды киножобаның негізгі мақсаты – өңірдің тарихи-мәдени мұрасын насихаттау. Сюжеттің басты элементтерінің бірі – бақсының салт жора маскасы. Символдық жәдігер төңірегінде жақсылық пен жамандықтың тартысы өрбиді. Авторлардың идеясы бойынша, ол бақсылық рәсімдермен сабақтасып, мифология мен тарихты көркем оқиғамен байланыстырады.
СНХР: СНХР: АНДРЕЙ АВДЕЕВ, ҚОЮШЫ-РЕЖИССЕР
Кезекті түсірілім жұмыстарына шамамен 50-ге жуық адамнан тұратын команда жұмылдырылды. Солардың қатарында археолог, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің құрметті профессоры Анатолий Плешаков та бар. Ол бұған дейін негізінен деректі жобаларға қатысып келгенімен, бұл жолы алғаш рет көркем фильмде өзінің рөлін сомдауда. Сюжет бойынша ғалым университет оқытушысы әрі археолог ретінде экранға шығады. Оның айтуынша, түсірілім үдерісі өзінің ауқымдылығымен және кәсіби ұйымдастырылуымен ерекшеленген.
СНХР: АНАТОЛИЙ ПЛЕШАКОВ, АРХЕОЛОГ, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ПРОФЕССОРЫ
Осылайша, аталған кинотуынды шытырман оқиға желісі арқылы Солтүстік Қазақстанда қалыптасқан ежелгі мәдени мұраны көрермен назарына ұсынбақ. Фильм авторларының айтуынша, толықметражды туындының ұзақтығы шамамен 2 сағатты құрайды.