Қала шетіндегі Пестрое көлі бұған дейін де жаз мезгілінде суға түсуішілер көптеп шоғырлататын орындардың бірі еді. Көктем шыға қолға алынған жағалауды заман талабына сай абаттандырып ол жерді Экопаркке айналдыру жұмыстары, осыған дейінгі Пестрое жағажайын адам таныматсай етіп өзгертті. Құрылыс жұмыстары әлі толық аяқталмаса да осы айдың басында бұл нысан пайдалануға беріліп, бүгінде қала тұрғындары мен қонақтары үшін сүйікті демалыс орындарының біріне айналып үлгерді. 

Экопарк қала тұрғындары арасында танымал демалыс орнына айналды. Жекелеген учаскелерді абаттандыру жұмыстары әлі де жалғасып жатқанына қарамастан, қала тұрғындары бос уақыттарын осында белсенді өткізеді.

Экопаркте әркім өз қалауы бойынша демалуға орын таба алады. Күнге қыздырынғылары келетіндер көл жағасындағы шезлондарды пайдаланса, ал керісінше көлдің салқын лебін ұнататындар арнайы жабдықталған көлеңкелі аймақтарда дем ала-алады. Спортты серік еткендер үшін де жағажайда түрлі жаттығу қондырғылары орнатылып, футбол мен волейбол алаңдары да бар. Жаяу серуендеушілерге арнайы жаяу жүргіншілер жолы мен велосипед жолдары да қарастырылған.

Көлді айнала орнатылған пирста серуендеп табиғаттың әсемдігін тамашалау, көлдің мөлдірлігіне қанығып самал желімен тыныстаудың өзі адамды ерекше бір әсерге бөлері сөзссіз. Балалардың ойын алаңқайлары да ескерусіз қалмаған бұл жерде. Ондағы балалардың шат-шадыман күлкісі таңның атысы, күннің батысы бір толастамайды бүгінде.