«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өңірде қоршаған ортаны қорғау, қаланы абаттандыру және тұрғындарды қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту бағытындағы шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Жастар ресурстық орталығы еріктілермен, қоғамдық ұйымдармен және мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, жыл басынан бері ондаған экологиялық және әлеуметтік бастаманы қолға алған.
Бағдарлама шеңберінде қала көшелері мен қоғамдық орындарды тазалау, тұрғындарға көмек көрсету, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және еріктілер қозғалысын дамытуға басымдық берілген. Бұл жұмыстарға мыңдаған адам атсалысуда. Бағдарлама аясында жастарды экологиялық сауаттылыққа баулуға да ерекше мән берілуде. Жыл бойы тақырыптық кездесулер, дәрістер мен танымдық іс-шаралар ұйымдастырылып, тұрғындардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жалғасуда. Жалпы, «Таза Қазақстан» бағдарламасының іс-шараларына 14 мыңға жуық адам қатысқан. Оның басым бөлігін жастар құрайды.
СНХР: АЙСЛУ БЕКІМОВА – ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ