Бүгін Петропавлда зейнеткерлер арасында интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында акция өтті. Дәстүр бойынша әр айдың 15-і Қаржылық сауаттылық күні болып жарияланған. Полиция қызметкерлері волонтерлермен бірлесіп, қарт тұрғындардың үйлерін аралап, алаяқтардың ең көп қолданатын схемалары туралы айтып, цифрлық қауіпсіздік ережелерін еске салды. Бүгін профилактикалық түсіндіру жұмыстарымен екі мыңға жуық зейнеткер қамтылды.
Тұрғындарға интернет-алаяқтардың әрекеттерін қалай тануға болатыны, неліктен жеке деректерді, SMS арқылы келген кодтарды және банк шоттары туралы мәліметтерді ешкімге айтуға болмайтыны түсіндірілді. Мамандардың айтуынша, мұқият болып, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау азаматтарды қаскөйлерден қорғауға көмектеседі.
МИЛЕНА БАЛАЦКАЯ, СҚО ПД КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ