Теріскейдің кең байтақ даласы – ғасырлар бойы диханшылық пен мал шаруашылығының ордасы болған өлке. Топырағы құнарлы, төрт түлікке шұрайлы жерлердің бірі Ақжар ауданы. Жайылымы кең сайын дала да шағын өзендер мен көлдер де жетерлік. Бұл мал өсіремін деген жанға өте қолайлы. Восход ауылындағы Қабдрахмановтар әулеті осыны 20 жылдан астам ұтымды пайдаланып келеді. Ірге тасы 2002 жылы қаланған «Ырсалды» шаруа қожылығының жұмысы небары 4 сиырдан бастау алса бүгінде мұндағы аналық ірі қара басы 1,5 мыңды құрайды. Жұмыстары қазақы ақ бас сиыр өсіруге бағытталған фермерлік қожалық осы аралықта «Асыл тұқымды мал шаруашылығы» статусын иемденген. Алға қойған мақсат асыл тұқымды мал репродукторын құрып, онда өсірілген ірі қараны еліміз бойынша тарату. Қазір оған қажетті құжаттар әзірленіп, аудан көлемінде 5 мың басқа шақталған мал фермасын салуға қолайлы жер телімі таңдалуда.
Қолдағы төрт сиырдан басталған шаруашылық өсті-өнді, өркендеді. Жергілікті сиыр, одан қалса шаруашылықты одан әрі дамытуда сатып алынған, сүтті бағыттағы қара-ала сиыр осылардың бәрі қазақы ақ бас бұқалармен селекциялық жолмен будандастырлы. Осылайша қан жаңарту арқылы сынаптай сырғып өткен 10 жыл ішінде фермерлік шаруашылық «Қазақы ақ бас сиыр» өсіруде асыл тұқымды мал фермасы статусын ие болды. Іргелі шаруашылыққа Тәжиден ағамыздың ұлы Әскер Қабдрахманов басшылық етеді.
СНХ: Мереке Мейрамов - Ақжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мал шаруашылығы жөніндегі сектор меңгерушісі
Қазақы ақ бас етті бағыттағы ірі қара.Әрі солтүстіктің қытымыр қысына көнбіс. Десе де соңғы жылдары елімізге мұхит асырып жеткізілген Америкалық ангус тұқымды сиырлар да сондай, әрі салмақ жағынан біздің ақ бастан артықшылығы да бар. Осы тұста селекциялық жұмыстардан біраз жылғы тәжірибесі Әскер Тәжиденұлына ангус пен ақ басты неге будандастырып көрмеске деген ой туындайды әрі оны жүзеге асырып көруді өткен жылы қолға алған.
Шаруашылық негізінен сатылымға тек еркек малды ғана шығарады. Тұрақты клиенттері негізінен қостанайлықтар. Олармен әріптестік орнатқандарына да 10 жылдың жүзі болған. Бордақылау алаңында күтілген бұл бұқашықтар сол жақтың ет комбинатына жөнелтіледі араларында жасалған келісім-шарт бойынша.
СНХ:Тәжиден Қабдрахманов – қожалық басшысы
Шаруашылықты одан әрі дамыту тұрғысында Қабдрахмановтар әулеті осы жылы Асыл тұқымды мал репродукторын құруды мақсат етіп мемлекет тарапынан ұсынылып отырған бағдарламаға қатысуға өтінім білдірген. Бүгінде ол оң шешімін тауып, қазір қажетті құжаттар әзірлену үстінде.
СНХ: Мереке Мейрамов - Ақжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мал шаруашылығы жөніндегі сектор меңгерушісі
Кезінде 4 сиырдан басталған фермерлік шаруа қожылығының бүгінгі бет-алысы осы. Ал олардың жетістіктері – еңбекқорлық, болашаққа деген сенімділік пен алға қойған мақсатқа жетелеген талпыныстың дәлелі.