Ақпарат саласының айдынында жүрген мамандар спорт алаңында бақ сынасты! 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында дәстүрлі спартакиада өтті. Сайыста қатысушылар футбол, волейбол, дартс, үстел теннисі және арқан тартыс бойынша өзара мықтыларды анықтады.

Спартакиаданың шымылдығы салтанатты түрде түріліп, БАҚ өкілдерінен құралған командалар алаңға шықты. Биылғы бәсекенің басты ерекшелігі – қатысушылардың белсенділігінде. Шын жүйрікті анықтайтын додаға 100- ге жуық адам қатысты. 

СНХ: НҰРГҮЛ ҚАЗИЕВА, ҚР ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ӨКІЛІ

Сайыстың ең тартысты бөлімі – футбол турнирі болды. Жасыл алаңдағы бәсеке дәл ақпарат майданындағыдай қызу өтті. Онда БАҚ өкілдері кәсіби футболшылардай шеберлік танытты.Бұл жарыста «Қызылжар» командасы жақсы нәтиже көрсетіп, алғашқы ойынын жеңіспен аяқтады. 

СНХ: СҰЛТАН ҮКЕНОВ, «QYZYLJAR» КОМАНДАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ

Биылғы спартакиадаға қатысушылар арасында жастардың қарасы көп. Кәсіби мереке қарсаңында ұйымдастырылған бұл шара БАҚ тек ақпарат майданында емес, спортта да алдына жан салмайтынын көрсетті.

СНХ: ДИАС АЯҒАН, «SOLTUSTIK QAZAQSTAN» ОБЛЫСТЫҚ ГАЗЕТІНІҢ ТІЛШІСІ

Сайысқа жалпы саны 7 құрама қатысып, өзара мықтыны анықтады. Тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша, үздік өнер көрсеткен Меншікті тілшілер құрамасы 1-орынды иеленді. Екінші орынды Аудандық газеттер құрамасы қанжығасына байласа, үздік үштікті «МТРК» телеарнасы түйіндеді. Ал «Қызылжар» құрамасы жалпы командалық есепте 4-орынға тұрақтады. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар, медальдар және бағалы сыйлықтар табысталды