Жамбыл ауданының орталығы Пресновка ауылында биыл бес бірдей ішкі көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда екі көшеге асфальт төселіп үлгерсе, қалған жолдарда жұмыс жалғасуда. Жоба толық аяқталса, ауылішілік жолдардың сапасы айтарлықтай жақсармақ.
Қазіргі уақытта Пресновка ауылында Ғ.Мүсірепов, Новая, Дружба көшелері мен Варапаев және Калинин тұйықтарына орташа жөндеу жүргізіліп жатыр. Мердігер мекеме – “Новинтех” серіктестігі. Бүгінде Ғ.Мүсірепов пен Новая көшелеріне асфальт толық төселген. Жоба былтыр басталған. Алайда қаржының бір бөлігі ғана бөлінгендіктен, мамандар қосымша қаржыландыруды күтуде. Соған қарамастан жұмыс жоспарға сай жүріп жатыр.
СНХР: ҚАЙРАТ САНСЫЗБАЕВ – ПРЕСНОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ