Қазақстанда «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы өз жұмысын жалғастырып, балалардың жеке жинақтау шоттарына қаражат аудару жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Жоба іске қосылғалы Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында шамамен 4 мың өтініш берілген.

18 жастағы Айнұр Бақытжанқызы да бұл мүмкіндікті тиімді пайдалануды жөн көрген. Ол «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында жиналған қаражатты баспана алуға жұмсауды жоспарлап отыр. Айнұрдың айтуынша, бұл бастама жастардың өз үйіне қол жеткізуіне үлкен көмек береді.

АЙНҰР БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ

Бағдарлама іске асырылған уақыттан бері облыста тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 3 981 өтініш тіркелген. Олардың шоттарына шамамен 650 мың доллар көлемінде қаражат аударылды. Сондай-ақ білім алу ақысын төлеу бойынша 2 мыңнан астам өтініш қабылданған.

ДАРИНА БАШЕНОВА, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ СҚОФ МАМАНЫ

Мамандардың айтуынша, бұл жоба жастардың болашағына жасалған маңызды инвестициялардың бірі. Бағдарлама арқылы жас қазақстандықтар білім алып, баспана мәселесін шешуге нақты мүмкіндікке ие болып отыр.