Өңірдегі орман қоры осы жылдың көктемінде 11 миллион көшетпен толықты. Солтүстік Қазақстан облысында Мемлекет басшысының мемлекеттік орман қорына 2 миллиард түп ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасы жүйелі жүзеге асырылып жатыр. Айта кетсек, 2021 - 2025 жылдар аралығында облыс аумағында 74 миллионға жуық жас көшет егілді.

«Орлиногорское» орман шаруашылығы бірден 4 ауданның, атап айтқанда Айыртау, Тайынша, Ақжар және Уәлиханов аудандарының аумағында орналасқан. Оның жалпы аумағы 37 мың гектарды құрайды. Орманшылардың еңбегі табиғаттың болашағына, жасыл желекті келер ұрпаққа аман-есен жеткізуге арналған қамқорлық. Мұнда егілген әрбір жас көшет адамзаттың қоршаған ортаға деген жанашырлығының символы іспеттес.

Снх: СЕРІК ОСПАНОВ, «ОРЛИНОГОРСКОЕ» ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ

Орман шаруашылығында 40-тан астам маман еңбек етеді. Жыл сайын мұндағы 340 гектар аумаққа 2 миллионнан астам көшет отырғызылады. 2021 жылдан бері 1000 гектардан астам алқап жаңа ағаштармен толықты.

Снх: ОКСАНА ВИШНЯКОВА «ОРЛИНОГОРСКОЕ» ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ОРМАНДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӘНЕ ОРМАН ӨСІРУ ЖӨНІНДЕГІ БАС ИНЖЕНЕРІ

Орман шаруашылығы жұмысшыларының қажырлы еңбегінің арқасында жасыл желек көлемі ұлғайып, орман экожүйесі нығайып келеді. Сондай-ақ қорғауды және жаңартуды қажет ететін аймақтар қайта қалпына келтірілуде.

Снх: ВАСИЛИЙ ЛАБАНЧУК СҚО ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ

Бүгінгі егілген кішкентай көшеттер жылдар өте келе табиғаттың берік қорғанына, жануарлардың мекеніне және таза ауа көзіне айналатын үлкен орманның бастауы. Орманға бүгін жасалған қамқорлық ертеңгі экологиялық таза әрі жасыл болашақтың кепілі.