Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы кестесіне сәйкес, 2026 жылы Құрбан айт 27 мамырға сәйкес келеді. Дәстүр бойынша мереке үш күн 27-29 мамыр аралығында атап өтіледі. Құрбан айттың негізгі мәні рухани тазарумен, қайырымдылықпен және мұқтаж жандарға көмек көрсетумен байланысты.

Құрбан айтта келесі малдарды құрбандыққа шалуға болады. Қой мен ешкі, сиыр, бұқа, түйе. Малдың түрі ғана емес, оның жасы мен күйі де маңызды. Мысалы қой немесе ешкі кем дегенде бір жасар болуы керек, ірі қара мал - екі жастан асқан, түйе - бес жасар және одан жоғары. Барлық мал дені сау, жарақатсыз болуы тиіс.

Снх: ХАМЗАТ ҚАЖЫМҰРАТҰЛЫ, СҚО БАС ИМАМЫ