Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында 2025-2026 оқу жылының аяқталуы, соңғы қоңырау мен ҰБТ өткізу тәртібі, сондай-ақ балалардың жазғы демалысы кезіндегі қауіпсіздік мәселелеріне арналған баспасөз конференциясы өтті. Жиында мектеп бітіру іс-шараларын ұйымдастыру, қоғамдық тәртіпті сақтау және жазғы лагерьлердегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар баяндалды.
Солтүстік Қазақстан облысында 2025-2026 оқу жылы аяқталуға жақын. Биыл өңір бойынша 73 мыңнан астам оқушы мектеппен қоштасады. 11-сынып түлектеріне аттестат тапсыру 17 маусымға белгіленсе, жазғы ҰБТ 10 шілдеге дейін жалғасады. Сонымен қатар, биыл мектеп бітіру кештерін мейрамханалар мен демалыс орындарында өткізуге тыйым салынды.
СНХР: ТАТЬЯНА ПРОТОПОПОВА — СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Оқу жылының аяқталуына байланысты өңірде қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Соңғы қоңырау мен бітіру кештері кезінде мектептердің маңында полиция нарядтары кезекшілік етіп, қоғамдық орындарда патрульдеу жұмыстары артады. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүруіне заңмен тыйым салынатыны ескертілді.
СНХР: ӘЛІБЕК ҒАБДУЛЛИН— СҚО ПД ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Жазғы демалыс маусымы қарсаңында өңірдегі балалар сауықтыру лагерьлерінде өрт қауіпсіздігі талаптарына бақылау күшейтілді. Мамандар жүргізген тексерулер барысында 80-нен астам өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу дерегі анықталған. Қазіргі таңда лагерьлерде дабыл жүйелерін ретке келтіру, сумен қамтамасыз ету және қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілігін ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
СНХР: АЯН ҚҰСАЙЫНОВ— СҚО ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУЫ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Осылайша, өңірде оқу жылының аяқталуы мен жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде.