Енді үй жануарларын есепке алу – міндет. Қазақстанда иттер мен мысықтарды чиптеу және тіркеу жүйесі кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Бұл жануарларды бақылауды күшейтіп, иесінің жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Мемлекет басшысы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған болатын. Құжаттағы басты өзгерістердің бірі – иттер мен мысықтарға міндетті түрде чип салу және оларды бірыңғай базаға тіркеу.

СНХР: МАДИАН ТЮГУМБАЕВА - СҚО ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

Үй жануарларын тіркеуді ветеринарлық клиникаларда, баспаналарда, питомниктерде және оңалту орталықтарында жасауға болады. Есепке қою кезінде иесінің жеке сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы мен байланыс деректері енгізіледі. Ал жануар туралы тұқымы, жынысы, түсі, жасы және жүргізілген ветеринарлық шаралар жөніндегі мәліметтер базаға тіркеледі.

СНХР: ТАМАРА БЕЛЯЕВА – БЕСКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Жалпы облыс бойынша 16 мыңға жуық үй жануары чиптелген. Осы жылы аудандардың ветеринариялық станциялары 4000-ға жуық ит пен мысыққа чип салуды жоспарлап отыр. Мамандардың айтуынша, чип арқылы жоғалған жануарды табу жеңілдейді. Сонымен қатар, қаңғыбас жануарлардың санын азайтып, ветеринарлық бақылауды жүйелеуге мүмкіндік бар.