Биыл 4 ай ішінде облыстың бруцеллез дертіне шалдығудың 3 ресми жағдайы тіркелді. Нақтырақ айтсақ, қауіпті инфекцияны Шал ақын ауданының 2 тұрғыны және Петропавл қаласының 1 тұрғыны жұқтырған.
СҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, дертке шалдыққандардың барлығы - ересек адамдар. Олар қажетті емдеу курсынан өтіп, диспансерлік есепке алынды. Қазіргі уақытта науқастар дәрігерлердің жіті бақылауында.
СНХ: ТОЛҚЫН ҚАЖЕНОВА, СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ- ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ